100 жаңа оқулық: "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе" Э.Аронсон

20.06.2018 20:12
Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психоло­гияға кіріспе» еңбегі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында таңдалған ең сәтті кітаптардың бірі.

Кітап — әлеуметтік психология ғылы­мының бізге беймәлім жаңа қыр­ларын ашады. Оқулықтың алғысөзінде амери­калық белгілі ғалым Э.Аронсон бұл еңбекке 1972 жылы тәуекел еткенін айтады. Шынында да, қолымызға тиген ағылшын тіліндегі 12-басылымына дейін «Көпке ұмтылған жалғыз» кітабы сан рет толықтырылып, өңделіп, ғылымның жаңа жетістіктерін түгелдей сіңіріп, уақытпен бірге дамып отырғаны аңға­ры­лады. Демек, Аронсонның өзі ескерт­­кендей, кітап қырық жылдан астам уақыт бойы авторды да, оқыр­мандарды да өсіріп келеді.