Мәжілістің жұмысы бұрынғыдан да ашық болмақ

Мәжілістің жұмысы бұрынғыдан да ашық болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілістің жұмысы бұрынғыдан да ашық болмақ. Енді кез келген азамат төменгі палатаның барлық бас қосуын тікелей эфирден бақылай алады. Осыған дейін жалпы отырыстардың барлығы онлайн режимде көрсетіліп келген болса, енді төменгі палатада өтетін үкімет сағаттары да тікелей трансляция арқылы көрсетілмек. Кез келген қазақстандық Мәжіліс қабырғасында не болып жатқанын біле алады. Елбасының Жолдауы заң шығарушы органның алдына нақты мақсаттар қойды,- деді Мәжіліс төрағасы. Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет - маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізу, түсіндіру. Кең көлемде насихат жұмыстарын қолға алу. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.


«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы   еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда  Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде, әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше өңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік  жағдайын күшейтуге ықпал етеді», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.


Жалпы отырыста кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Судьяларға деген талап күшейе түспек. Құжатқа сәйкес, арнайы комиссиясының шешімімен судьяның біліктілік деңгейі теріс бағаланса, қызметінен босатылады. Ал бұған дейін 1 жылдан кейін қайта бағалауға жіберілетін. Жалпы былтыр 47 судья тексерістен өтпей қалған.


Новости партнеров