Медицина қызметкерлері латын қарпіне көшуді қолдайды

14.11.2017 23:03

Медицина қызметкерлері латын қарпіне көшуді қолдайды. Бұл еліміздің экономикалық, инновациялық, рухани дамуына септігін тигізеді - дейді ақ халаттылар. Республикалық қан орталығының мамандары елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы мен «Нұрлы жер» бағдарламасын талқыға салды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта халық арасында қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне қатысты да тұщымды пікірлер айтылды. Мамандардың пайымдауы бойынша латын қарпі медицинаның дамуына да зор үлес қосады.

«Латын қарпіне көшу бастамасы ел медецинасының дамуына, жас мамандардың жоғарғы деңгейде білім алуларына, медицинадағы айтулы жазбаларды, ғалымдардың еңбектерін зерттеуге және түсінуге ықпал етеді»,-деді Республикалық қан орталығы директорының орынбасары, Саида АРЫСПАЕВА.


Теги: тіл