Мемқызметкерлердің ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру мәселелері қаралды

27.04.2018 00:45

Өзгерістерді өзіңнен баста. Бүгін жемқорлыққа қарсы күресетін мамандар мемлекеттік қызметкерлердің ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіріп, мінез-құлқын өзгерту мәселелерін кеңінен талқылады. Кездесуге халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер, түрлі қоғамдық ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Мақсат - мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын көппен ақылдасып, оңтайластыру.

«Біздің агенттік Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бесінші бағытына жауапты. Ол «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталады. Біз мемлекеттік қызметкерлердің таным-түсінігін кеңейтіп, халықпен барынша тығыз жұмыс істеу тәртібін қалыптастыруды көздейміз. Мемлекеттік қызметкерлер алдымен халыққа елге қызмет ететіндіктерін ұмытпауы керек», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл ШАИМОВА.