Мемлекеттің көмегіне мұқтаж жандар үшін жәрдемақы көбейтіледі

27.10.2017 21:44

Келесі жылдан бастап мемлекеттің көмегіне мұқтаж жандар үшін жәрдемақы көбейтіледі. Елбасының ұлт жоспары аясындағы тапсырмасына сай, қазақстан атаулы көмек көрсетудің жаңа сипатына көшеді. Яғни, аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Алматы қаласы бойынша осы мақсатта 560 миллион теңге қарастырылған. Әлеуметтік көмек алып шаһардағы 12 мың 500 адамға көрсетіледі. Оған қоса, бұған дейін тұрғындар мемлекеттік жәрдем үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінетін болса, келесі жылдан бастап атаулы көмек алу үшін құжаттарды жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет.

«Келесі жылдан бастап 50 пайызға дейін көбейтіледі. Қазіргі кезде атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққанда 40 пайыздан төмен болғанда көрсетіледі. Мысалы, алып қарасақ 40 пайыз бір 12 мың теңгені құрайтын болса, келесі жылдан бастап ең төменгі күн көріс деңгейінің жоғарылауына байланысты 50 пайыз 14 мың, 16 мың теңгені құрауы мүмкін»,- деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Рүстем ИСМАИЛОВ.