Менингитке шалдыққандардың барлығын бір дәрімен емдеуге болмайды - Тамара Дүйсенова

05.06.2018 21:11

Менингококкке шалдыққандардың барлығын бір антибиотикпен емдеуге болмайды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында елімізде минингококк жұқпасының алдын алуға арналған шарада партия хатшысы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше республикадағы бірнеше жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы қоңырау шалдым. Барлығы да бірдей антибиотик қолдана бастапты. Әріптестер, штаммды теңдестіру қажет. Әр өңірде, әр адамда ол әртүрлі болуы мүмкін. Барлығына бірдей бір ғана антибиотикті пайдалануға болмайды. Әрқайсысының антибиотикке сезімталдығы әртүрлі. Егер біз қазір бір антибиотикті ғана қолданатын болсақ, оның салдары мұнан да жаман болуы ықтимал. Сондықтан да антибиотикке сезімталдығын анықтап, дұрыс шешім қабылдауды өтінемін», - деді Тамара Дүйсенова.

Осы ретте ол Алматы қаласы мен Алматы облысы және Астана қаласы мен Ақмола облысы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиістігін баса айтты. «Бізде барлық уақытта да мұндай болды және ол жұмыс істеуі тиіс. Баланы бір ауданнан екіншісіне «лақтыруды» қойыңыздар. Әрбір аурухана «пәледен» аулақ болғысы келетіндігін, өлім-жітім бойынша нашар статистиканы өзіне жазуды қаламайтындығын түсінемін. Бірақ, әріптестер бұл адамдардың өмірі, отбасының тағдыры. Сол баланың орнына Сіздің балаңыз болуы мүмкін. Мұндай кезде өзіңіздің басыңыздағы жағдай сияқты қабылдаңыздар», - деді жауапты хатшы.

Фото: sputniknews.kz