Мұхтар Әблязовке жаңа айып тағылды

03.02.2017 16:07

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовке «ұйымдасқан қылмыстық ұйым құрды» деген жаңа айып тақты. «БТА Банктің» бұрынғы топ-менеджерлері Мұхтар Әблязов, Жақсылық Жарымбетов және басқа да адамдарға қатысты істі тергеу барысында Әблязов пен оның серіктестерінен  заңға қайшы қосымша айғақтар табылған. Яғни, банктен жымқырылған қаржыны заңдастырудың жаңа схемалары ашылды  делінген хабарламада. Еске сала кетсек,Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязов өткен жылы 9 желтоқсанда бостандыққа шыққан. Сол күні Франция мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойғаны туралы шешімін жариялаған болатын.