Мысыр билігі қолға түскен 6 отандасымызға қатысты әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер министрлігі мәлімдеді. Мысырдың құқық қорғау ұйымдары қамауға алынған отандастарымыздың жағдайы жақсы, алаңдауға негіз жоқ деген сыңайдағы мәлімет таратумен ғана шектеліпті. Бейресми ақпарат бойынша, қазақстандық студенттер Мысырда болған бірнеше терактіден кейін, күдікті ретінде қамауға алынған болуы мүмкін. Бірақ әзірге бұл болжам расталған жоқ.