Нағыз тұлғалар: Фотосуретші ағаштан ойыншықтар жасауда

26.06.2018 04:29

Фотограф әрі суретші Жеңіс Ысқабай ұлттық нақышта ойыншықтар жасауда. Ол бала кезінен ағаштан түйін түйіп, түрлі бұйымдар жасауға әуес болған. Қазір де қолы қалт етсе шеберханасына барып, ағаш жонып, түрлі ойыншықтар жасайды. Бүгінгі таңда шебердің 4 жобасы бар. Олар: «игө-гөк», «Жорғатай», «Qua-qua», «дігідік-дігідік» деп аталады. Мәселен, белі енді қатайып келе жатқан 5-6 айлық сәбиге арналған «игө-гөк» жобасы болса, 4-5 жастан асқан балаларға арналған «Жорғатай», «Qua-qua», «дігідік-дігідік» атты ойыншықтары бар. 

Бұл ағаштан ойылып, жасалған дүниелердің барлығы бала денсаулығына тигізер пайдасы зор. Барлығы экологиялық таза, арнайы қарағайдан жасалған. 

Сондай-ақ, ұялы телефонға телмірген бүлдіршіндердің ойын бөліп, балалардың физикалық дамуына тигізер әсері мол. Жеңіс Ысқабайдың айтуынша, жорғатайға мінген бала өзін атқа мінгендей сезініп, үнемі қозғалыста болады. Баланың бұлшық етін қатайтып, ой-өрісінің дамуына көмектеседі.