Наурыз айының ортасынан бастап күн жылынады

Наурыз айының ортасынан бастап күн жылынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыз айының ортасынан бастап күн жылынады. Яғни, ауа райы температурасы 15 градусқа көтеріледі деп болжануда. Қазгидромет орталығының мәліметінше, жауын-шашын түсуі мен таулы аймақтардағы қарлардың еруіне байланысты су деңгейінің артуы байқалады. Ал алдағы күндері, яғни 28-ақпан мен 1 наурызда күн жылы болып, ауа температурасы 10-12 градус жоғары болады деп күтілуде. Атмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында боран соғып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты наурыздың 1-і күні, күннің екінші жартысында және 2 наурызда тұрақсыз жауын-шашын ауа райы күтіледі. Ауа температурасы шамамен түнде 2, 7 градус аяз, ал күндіз 2,7 градус жылы болады деп болжануда. Наурыз айының орташа айлық мәніне келетін болсақ, көпжылдық мәндерден 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Яғни, 1-3 декадада яғни наурыз айының ортасынан бастап ауа темапературасының 5-7 градусқа, күндіз 15 градусқа көтерілуі байқалады»,- деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша инженер-синоптигі, Ақзер ӘШІМ.

Новости партнеров