Алматыдағы жаңа волейбол орталығында республикалық жарыс өтеді

Алматыдағы жаңа волейбол орталығында республикалық жарыс өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа волейбол орталығы ашылды. Оған Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мұрындық болыпты. Орталық өз жұмысын Қазақстан Республикасының жағажай волейболы бойынша 22-ші чемпионаты қарсаңында бастағалы отыр. Оған 16 ер және әйелдер командасы қатысуға ниет білдіріпті.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Бауыржан Байбек алдағы дүбірлі додада қатысатын алматылық «Буревестник» командасына сәттілік тіледі.

«Алматы – қалыптасқан волейболдың орталығы деп айтуға болады. Бізде әр түрлі халықаралық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біз жалпы «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында бұқаралық спортты қолдап келе жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Алматыда көптеген шаралар өтуде. Сондықтан мына жағажай волейболы Алматыда болашақта жақсы дамиды деп ойлаймын. «Буревестник» – біздің қаламыздың клубы. Чемпиондардың бірі. Бүгінде жақсы спортшыларды қала тарапынан ұсынып жатыр. Енді адал сайыс болады деп ойлаймын. Спортшыларға тек қана жақсылық, жеңістер тілеймін!», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Жаңа орталықты ашуды Амандық Баталов осыдан екі жыл бұрын ұсыныпты. Алматы әкімдігі бұл идеяны қолдаған. Одан бөлек, қаладағы жаңарған аулалардың 35 пайызында спорт алаңдары ашылды. Алдағы уақытта, Қазақстанның Волейбол федерациясының вице-президенті Амандық Баталов  бұл жерде классикалық волейболдан спортшылардың жаттыға алатынын жеткізді.


Новости партнеров