Мемлекет басшысының төрағалығымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Басқосуда Халықаралық көрмені ұйымдастыруға қатысты жалпы тәртіп пен азаматтардың, қала қонақтарының қауіпсіздік мәселесі қаралды. Елбасы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент көрме кезінде тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін тек Астанада емес, бүкіл аймақта қамтамасыз ету керектігіне мән берді. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.
«Бірінші мәселе қауіпсіздік мәселесі. Жағдайды білеміз төңірегіміздегі, дүние жүзіндегі. Жасалып жатқан жұмыс аз емес, ЭКСПО-ның өз жағынан да, құқық қорғау органдарының өз жағынан да. Сондықтан, тағы бір қарап, не жасау керек екенін, келісіп, біз, түбінде күмәнсіз болуымыз керек барлық жағынан»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.