Доллар бағамы 384 теңгеге жетті

11.09.2018 17:15

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 384 теңгеге дейін өсіп кетті деп жазады NUR.KZ.

Таңғы сеесия нәтижесі бойынша доллар құны 380,97 теңгемен тоқталған еді.

Kurs.kz басылымының мәліметіне сәйкес, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа құны 381,12 – 381,20 және 382,72 – 383,02 теңге.

Ал кейбір айырбастау орындары америкалық валютаны 384 теңгеге шарықтатып жіберген.