Алматыда екі мыңға жуық отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді

Алматыда екі мыңға жуық отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері коммуналдық тұрғын үй көмегі 1900-ға жуық отбасыға көрсетілді. Берілген қаржы көлемі 23 миллион теңгеден асқан. Жалпы жыл басынан бері бұл мақсатта 32 миллион теңге бөлінген. Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, куәлік көшірмесін мекен-жайы мен жұмыс орны жөнінде анықтама өткізуі тиіс. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі.

«Жылу беру маусымы сәуір айында аяқталады. Сол уақыттан бастап коммуналдық тұрғын үй көмегін аламын деушілер қатары азаяды. Мұндай қолдауға ниеттілер жаңа жылыту маусымы басталған кезде қайта артады», - деді  Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Гүлнәр МҰХАМЕТОВА.


Новости партнеров