Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады

31.05.2018 19:20


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды.Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» заңын мақұлдады. Айта кету керек, аталмыш құжат кеңестің жұмысын нақты, әрі тұрақты етпек. Жаңа заңды Әділет министрі таныстырды.

Бұл жаңа норма емес. Қазіргі кезде аймақта, әлемде болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұл шешім қоғам мен көрші мемлекеттерге еліміздегі жағдайдың тұрақты екенін білдірудің жолы. Маңызды жайттар қауіпсіздік кеңесінде талқыланады. Оны Президент басқарады»,-деді ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

«Қазір қарап отыратын болсақ, ұлттық қауіпсіздік жалпы қауіпсіздік мәселесі. Қорғаныс мәселесі. Әрбір мемлекет бұл мәселені қазіргі кезде өте  жоғары деңгейге қойып, ұстап отыр. Өйткені жалпы өзіміз көріп жүргендей үлкен әлемдік көзқарастағы саясатты қарап отырсаңыздар бұл мәселе мемлекеттің алдыңғы қатарға қоятын мәселелердің негізі болып отыр»,-деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Бектас БЕКНАЗАРОВ.

«Өкінішке қарай, соңғы кезде жеке кәсіпкерлер қызмет көрсететін бірқатар мектеп асханаларында ас мәзірі талаптарға сай келе бермейді,тағамдар технологиялардан ауытқумен әзірленеді. Сонымен қатар, есептен жеу және кем өлшеу жағдайлары кездеседі. Тендерлер өткізу кезінде бірқатар облыстарда жергілікті білім беру басқармалары тағам құнының бір оқушыға санағанда тек қана 100 теңгеден аспауын талап етеді. 100 теңгеге не әзірлеуге болады?»,-деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Бірғаным ӘЙТІМОВА.

 Назым Мәлікқызы, Дәурен Зарипов Алматы телеарнасы Астанадан