«Өрмекші адам» фильмінің кейіпкерлері тағы да қазақша сөйледі

05.07.2017 16:40

«Өрмекші адам» фильмінің кейіпкерлері тағы да қазақша сөйледі. Бұл голливудтық киноларды мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 21-ші фильм. Ал Өрмекші адамның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліндегі үшінші туынды. Кезекті туындыда Питер Паркердің  командасымен тарихи кездесуден кейін басынан өткен хикаялары көрсетіледі. Ол өзінің Мэй тәтесіне қайта оралып, әдеттегі өміріне оралуды шешеді. Бірақ оның артынан тағы біреу ізіне түседі.