7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған

7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2 апта бұрын тауда адасып кеткен Ернұр Сәдуақас сол күні түнде көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде қайтыс болған. Таулы аймақ болғандықтан жаңбыр жауып, күн  салқындаған. Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған», – деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың денесі  Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтағы тау баурайынан табылған еді.


Новости партнеров