БЖЗҚ қоры қаржы ағымын тікелей өз бақылауына алмақ

БЖЗҚ қоры қаржы ағымын тікелей өз бақылауына алмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құлдыраған «ҚазИнвест» банк қарызды қалайда қайтарады. Бұл туралы зейнетақы қорының төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржы ұйымының салымшыларға берешегі 3 млрд теңгеге жуықтайды. Қазір тараптар сот шешімін күтіп отқан көрінеді. Одан бөлек, жуырда зейнетақы жүйесінде тың өзгеріс болуы мүмкін. Енді әрбір салымшы бекітілген компанияларды таңдап, қаражатын сол ұйымда сақтауға мүмкіндік алмақ. Ал, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы ағымын тікелей өз бақылауына алады. Тың ұсыныс қазір қоғамдық кеңесте талқыланып жатыр.


«Салымшылардың қордағы ақшасы тұрақты түрде тексеріліп тұрады. Валюта бағамы да есепке алынады. Сондықтан қорда сақталған ақшаның ғайыптан жоқ болуы мүмкін емес. Әр салымшы қорда қанша қаржысы барын орталықтарға келіп, тексере алады», - деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА.


Осы күні отандастарымыздың зейнетақы қорындағы қаражаты ұлғайып келеді. Былтырғы табыс 50 млрд теңгеге жетеғабыл. Ал, жалпы жинақ 6,69 трлн теңгеге жеткен.


Новости партнеров