Аралдың құрғап қалған бөлігіне жақында су жіберілмек. Ол үшін мамандар Сырдарияның сағасын теңіздің оңтүстігіне қарай қарай бұруды жоспарлап отыр. Алматыда бас қосқан 200-ге жуық сарапшы «тартылған теңізді құтқарудың жалғыз жолы осы», - дейді. Бұрынғы теңіздің солтүстік бөлігінде қазақстанның бастамасымен салынған кіші аралдағы су көлемі қазір 27 текше шақырымға таяп қалған. Су қоймасынан жылына 8 мың тоннаға жуық балық ауланады екен. Өңірден шырай кеткенде, шалғайға көшкендер де қазір арал маңына қайта қоныстанып жатқан көрінеді. Егер жобаға қолдау көрсетер қаржыгерлер табылса, онда әйгілі теңіздің таяуда қайта толқындауы бек мүмкін.
«Біздің бірнеше жоспарымыз бар. Қазір Солтүстік Арал көліндегі су деңгейі 6-8 метрге көтерілді. Осының арқасында ондағы балық саны да едәуір артты. Ендігі міндет - теңіздің оңтүстік бөлігіне су жіберу керек. Ол үшін Сырдарияның сағасын бұру қажет. Бұл оңай шаруа емес», - деді Халықаралық аралды құтқару қорының директоры Болат БЕКНИЯЗ.