Бахрейнде жоғалған Тагина Хайметоваға қатысты жаңа деректер пайда болды. Әлеуметтік желі арқылы қыздың анасымен байланысқа шыққан белгісіз бойжеткен өзінің де сол жақта құлдықта екенін жеткізіпті. Ол Тагинаның да осындай жағдайға душар болуы мүмкін екенін айтқан. Одан бөлек, Тагина Хайтметова бұрынғы жұмыс орнында бәзбіреулерге қарызданып қалғаны белгілі болды. Берешек көлемі - қомақты. Сондықтан оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Шарасыз қалған бойжеткен қарызынан құтылу үшін де Бахрейнге жұмыс іздеп кеткен болуы ықтимал. Шым-шытырыққа толы шытырманды Азамат Әуезхан баяндасын. Ол бізбен тікелей эфирде тілдесуге дайын.
- Азамат, Тагинаның Бахрейнде құлдықта болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Ол қаншалықты рас? Белгісіз бойжеткеннің хабарласқанын қалай растауға болады?
Сая, бұл әзірге Тагинаның анасы Матлюба Ханжанованың болжамы. Оның бұл қорқынышын Бахрейнде жыныстық құлдықта жүрген Анна есімді бойжеткен де растай түскен. Әлеуметтік желі арқылы байланысқа шыққан ол өзінің Бахрейнде жүргенін, құжаттарының өзінде емес екендігін және құлдықта отырғанын баяндаған. Бірақ ол туыстарымен байланысып тұрады екен. Күні кеше сол жақтағы елшілік бойжеткенге көмектесуге уәде беріпті. Тагинаның да осындай күй кешіп жүруі бек мүмкін деп болжамын да айтты. Ал байланысқа шықпауына уай-фай мен ұялы телефонының жоқтығы себеп болуы мүмкін.
«Я нашла ваш номер телефона, узнала через ваших друзей в одноклассниках. Я сейчас тоже нахожусь в Бахрейне в рабстве. Я сюда приехала месяц назад, у меня забрали паспорт и заставляют работать в отеле. Деньги тоже забрали. У меня ничего нет. Я вчера написала в посольство, они обещали помочь. Сегодня должны написать заявление мои родные о том, что я пропала. Но я не пропала, я здесь, я на связи, просто меня не выпускают. Я вот уже три недели нахожусь здесь, я не могу выйти на улицу, меня перевозят из отеля в отель. Я знаю название этих отелей, знаю, где они находятся. Возможно ваша дочь в одном из этих отелей. Но я уверена, что с ней ничего не случилось, просто может быть нет WI-Fi. Номера телефона Бехрейновского у нее нет, потому что здесь никому не разрешают купить сим-карту, нам нельзя выходить даже на улицу. Скорее всего у нее телефон разбился или WI-Fi нет в номере, но я уверена, что она жива и с ней все в порядке»,- деді Анна.
Ал Тагинаның анасы таңғы жетіден бастап, сыртқы істер министрлігінің алдын күзетуде. Ведомоства қызметкерлері Матлюба Ханжанованы сабырға шақырып, ғимаратқа кіруін сұраған. Бірақ шарасыз ана көз жасын көл қылып, көмек сұрауда. Сөзінше, құзырлылар тиісті шара қолданбаса, Тагинаның әкесі Бахрейнге ұшуға дайындалып жатқан көрінеді.
«Ануар Жайнақ бізге шықты. Тәте переживать етпеңіз, қолымыздан не келеді бүкіл барлығын істеп қызыңызды тауып береміз, біздің посольства қазіргі сәтте Бахрейнде. Ертең бахрейн жұмыс істемейді екен мұсылман қаласы болғаны үшін. Анауар Жайнақ өтінген соң, олар жұмыс істейтін болыпты. Жұмыс істеп полицейлер бәрі іздеп, бірлесіп тауып береміз дейді»,- деді Матлюба ХАНЖАНОВА, Тагина Хайтметованың анасы.
Айта кетейін, Матлюба Ханжанова бізге тағы бір ақпармен бөлісті. Айтуынша, оның қызы елордадағы медициналық зертханалардың біріне қомақты қаражат берешек болған. Тіпті, Тагина Хайтметованың үстінен қылмыстық істе қозғалыпты. Бірақ берешек өтелгеннен кейін, іс жабылған. Сол тұста сомманың басым бөлігін белгісіз біреу жабуға көмектескен. Тагинаның анасы қызының сол бейтаныс адамның жетегінде кетуі мүмкін деген қорқынышын жасырмады. Ал, бойжеткеннің бұрынғы әріптестері жұмыс орнында ешқандай қарыздың жоқ екенін айтуда. Өйткені, жақсы қызметкерлердің қатарында болған дейді. Тагинаның анасы болса, ішкі істер департаментіне медициналық зертхананың үстінен шағым түсірген. Оның айтуынша, қызы соншалықты көп соммаға қарыз болуы мүмкін емес дегенді алға тартуда.
«Ол қыз бізде 3 жыл қызмет атқарды, кейін өз еркімен жұмыстан кетті. Арада ешқандай кикілжің болған жоқ. Жұмыстан кету себебін басқа мемлекетке баруымен байланыстырды»,- деді Медициналық зертхананың аймақтық директоры, Серік ЕСКЕНДІРОВ.
«INVIVO-ның үстіненде шағым жаздым, себебі INVIVO-ға 3,5 млн ақша төлегенбіз. Сол кезде 3,5 мың төлегенде бізге Виктор Иванович деген көмектескен. Инвивоға төлеген ақшамыз аз, мүмкін сол кісі ақшамды қайтар деп, сол кісі сатып жіберді ме? Ол кісі біреулерге өткізіп жіберді ме? Ол жағын білмеймін»,- деді Матлюба ХАНЖАНОВА, Тагина Хайтметованың анасы.