Рашит Алимов пен Шахрат Нұрышев Астанада өткен саммитті қорытындылады

Рашит Алимов пен Шахрат Нұрышев Астанада өткен саммитті қорытындылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экстремизмге қарсы күш бірігуде. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Рашид Алимов пен Қазақстанның Қытайдағы өкілетті және төтенше елшісі Шахрат Нұрышев Астанада өткен саммитті қорытындылады. Басты жаңалықтардың қатарына - экстремизмге қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қол қоюды қосуға болады. Бұл әлемдегі өсіп жатқан қауіпке Шанхай ынтымақтастық ұйымының атынан жауап дейді бас хатшы. Сауда және көлік саласында да бірқатар келісімге қол жеткен. Экономикалық жағы жаңадан  Үндістан және Пәкістан қосылғаннан кейін аса маңызды. Жаңа құраммен келесі кездесу 2018 жылдың маусым айында аспан асты елінде өтеді. Демек, ұйымға төрағалық ету құқығы да Қытайға өтіп отыр. 

Новости партнеров