Алматылық жолаушылар қоғамдық көлікте бір реттік төлеген ақысымен басқасына да отыруға болады

Алматылық жолаушылар қоғамдық көлікте бір реттік төлеген ақысымен басқасына да отыруға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылдан бастап алматылық жолаушылар қоғамдық көлікте бір рет ақы төлеп, екінші автобусқа тегін отыра алады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді. Оның сөзінше, қоғамдық көліктерге енгізіліп жатқан өзгерістер кезең-кезеңмен жүзеге асады. Жолаушы бір рет ақы төлегеннен кейін, 60 немесе 90 минут ішінде келесі көліктерде тегін жүре алады. Одан бөлек, келер жылы төлем түрлері көбейеді. Осының арқасында шалғайға қатынайтын автобустарды электронды төлем жүйесіне ауыстырамыз дейді мамандар.

«Бұл тарифті әртараптандыру бізге осындай мүмкіндіктер береді. Біздің алматы қаласындағы транспорттық жүйеде жасап жатқан реформаларымыздың ары қарай дамуына өте ықпалы  септігі үлкен болады деп сенеміз. Біз әртапаптандыруды заңдастыру үшін бір жылдай уақыт жүрдік. Бұл парламентте, қаншама комиссиядан өттік. Ол жақта да бәрін түсіндірдік.»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Мақсұт Исахов.

Осы тұста, биыл Алматыдағы қоғамдық көліктердің қатары 60 автоспен толыққан. Жыл соңына дейін тағы 300 көлікті сатып алу жоспарда бар. Еске сала кетейік, жақында қоғамдық көліктің тарифі өзгерген болатын. Қолма қол төлеу құны 150, ал картамен 80 теңгеге өзгерді. Оқушылар мен студенттерге, кем бағал жандарға төлеу тарифі өзгерусіз қалды.


Новости партнеров