Қазақ жұрты ақиық ақын Мұзафар Әлімбаевті ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға марқұмның туыстары мен әріптестері, үзеңгілестері мен шәкірттері келді. Қарт ақынды соңғы сапарға шығарып салуға қала басшысы Бауыржан Байбекте қатысты. Қоштасу рәсімі Алматыда, Мұхтар Әуезов театрының үлкен залында өтті. Абыз ақын 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Мейірімді әрі көңілді Ата. Мұзафар Әлімбаев балалары мен немерелерінің есінде осылай қалды. Ол кісі әрдайым көңілді жүретін, қалжыңдағанды жаны жақсы көруші еді, - дейді немересі.
«Атам өте көңілді кісі болатын. Кішкентай балаларды қатты жақсы көрді. Бізге түрлі кітаптардан әңгімелер оқып, мақалдарды жаттататын. Атамның үйіне барған сайын рухани байып қайтатынбыз. Үйінен адам үзілмейтін. Әжемді қатты құрметтейтін. Екеуі қайда барса да, бірге жүретін»,-деді М.Әлімбаевтің немересі, Әсем АҚШҰЛАҚОВА.
Мұз ағаның еңбектерін жаңадан тіл ашқан бүлдіршіннен бастап, аз-кем жасаған қарияға дейін оқиды. Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы көзі тірісінде 180 әннің мәтінін жазып, әлем әдебиетінің үздік шығармаларын тәржімалаған. Жазушының өлеңдері 20 тілге аударылыпты. Мұз аға, балалар әдебиетінің іргесін қалаушы. Қарт ақынмен қоштасуға 100-ден аса адам келген. Көңіл айтуға келгендердің арасында еліміздің саясаткерлері мен
«Апа, ағамыздың балалары. Қала жұртшылығының атынан көңіл айта отырып, сіздерге тек қана жақсылық тілеймін. Ағамыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Енді мына жақсы айтып кетті ағамыз. Өз өмірін, ғұмырын, жұмысын бәрін мемлекетке, қалаға арнады осы қалада өмір сүрді. Сондықтан, сіздерге, ағамыздың ұрпақтарын, жақындарына, достарына, туыстарына тек қана жақсылық тілеймін»,-деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.
Көрнекті ақын саналы ғұмырын ұлтымыздың жеткіншектерін зияткерлік деңгейге көтеруге арнады. Балалардың рухани кемелденуіне бар күш-жігерін жұмсады. Мұзафар Әлімбаев - қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген шоқтығы биік қаламгерлердің бірі ғана емес бірегейі.
«Мұзафар Әлімбаевтің соңғы ширек ғасырға жуық өмірі сол коляскаға байланғанымен, халқының мына үлкен жүрек соғысын, ылғи тамырының соғысын арнап. Соған өзінің үлкен ағалық, баталық тілегін айтып отырған сирек қаламгерлеріміздің бірі»,-деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Нұрлан ОРАЗАЛИН.
Абыз мінезді ақсақал Павлодар облысы Маралды ауылында дүниеге келген. Қалам иесінің 3 ұлы, 6 немересі және 3 шөбересі бар екен. Мұзафар Әлімбаев «Кеңсай» қорымына жерленді.