Сарбаздар Жамбыл облысында өтетін әскери парадқа дайындалуда

Сарбаздар Жамбыл облысында өтетін әскери парадқа дайындалуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 мамыр күні Қазақстан Қарулы Күштері Бас қолбасшы алдында кәсіби қабілеттерін көрсетпек. Елдің тұтастығы мен егемендігін сақтайтын сарбаздар сынағы Жамбыл облысында өтеді. Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бар мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетеміз деген жауынгерлер екі аптадан бері қызу жаттығу үстінде.

Отан қорғаушылар күні Бас қолбасшы - Елбасының қатысуымен өтетін парад дәл осы жерде өтеді. 40-әскери Отар базасының Мәтібұлақ полигоны әскери техникаға толып кеткен. Соғыс өнеріне сақадай сай дайындалып жатқан сарбаздар Бас қолбасшыға күш, қайрат, қауқарларын көрсетеді. Бөктердегі ақ әріп, шеңбермен айқындалған белгілер ауыр артиллерия мен бомбалаушы ұшақтардың нысанына айналмақ.

Сарбаздар мен офицерлердің жауынгерлік дағдысы мен кәсіби шеберліктерін көрнекі түрде көрсетіп, Қазақстан армиясында қолданылатын қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мүмкіндігін шынайы түрде жүзеге асыру болып табылады.

Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері шынайы ракеталар жіберіп, бомба тастауды және қарудың барлық түрінен жауынгерлік атыстардың қалай орындалатындығын көрсетеді. Майдандық және армиялық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе ұрыстарын жүргізу үшін көкке қайта- кайта көтеріліп, жауапты сәтте қателеспеулерін қадағалап жатыр. Окопта ондаған заманауи зеңбіріктер қатар қойылған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс қабілетін С-125 зенитті зымыранды кешен мен «Град», «Прима», Д-30 гаубицалары  «Штурм-С» сынды танкіге қарсы зымырандық  қаруларданда алыс қашықтыққа оқ атылады.

«152 мм «Мыса» ату зеңбірегі. Ол 24 шақырымдағы жаудың күшін жоюды жоспарлайды. Одан кейінгі тұрған Д-30 зеңібергі. Ол 15 шақырымдағы жауды күйретеді. Одан кейінгі 122 мм «Прима» әскери техникасы.Содан кейінгі 300 мм «Сметч» қаруы. Ол  90 шақырымдағы жаудың нысанасын жояды», - деді Оңтүстік өңірлік қолбасшысы 5-артиллерия бригадасының басшысы  Самат АРСАНОВ. 

Ауқымды түрде атыс алаңында парад осыдан бес жыл бұрын өткен. Бұл жолы С-295 турбиналы-винттік ұшақтары, Су-30 бомбалаушы ұшақтар, ракеталық соққы беретін Ми -35 сынды барлығы 30-дан астам әуе машианалары түрлі деңгейде тапсырмаларды орындайды. 

«Десантты шабуылдаушы әскерлер тек пикапты ғана әкелген жоқ. СИ-295 ұшағынан 800, 1000 метрден парашюттен секіреді. Зениттік құрылғылардан атады. Десантшылар Талдықорған, Қапшағай және Астанадағы ең мықты деген алғы шептегі азаматтар таңдалып алынды», - деді  1993 десанттық шабуылдаушы әскерлерінің рота командирі Бекжан МҰХТАРБЕК.  

Бітімгерлік әскері, теңіз жаяу әскері, барлаушылар, шабуылдаушы  құрлық әскері сынды  оншақты рота сап түзеп қана қоймай,  Президенттің алдындағы парадта қабілеттерін де көрсетеді. Т-72 танкісі, БТР-82, жаяу жауынгерлерді сүйемелдейтін бронды машиналардың қатысуымен айқас  ұйымдастырылады. 

«Техникалардың барлығы қатысып жатыр. Танктер, БПМлар, Арлан, ПИКАП экипаждары өздерінің кәсіптерін көрсетіп жатыр атыс жағынан. Жаттығу 7 мамырға жоспар бойынша өтеді», - деді ҚР Қарулы Күштері оңтүстік өңірлік қолбасшысының орынбасары  Тұрдалы ТҰРҒЫНБАЕВ.

Ауқымды түрде шеру жасау қомақты қаржыны талап еткендіктен бұндай шаралар Тәуелсіз Қазақстан тарихында осымен тек екінші рет қана өткізілмек. Бұл жолы парадқа 3 мыңнан астам әскери қызметкер мен 300- ден астам атыс техникасы,  30-ға жуық әуе машиналары қатыспақ.  Бас-аяғы 70 шақырымдық  Мәтібұлақ полигонындағы  армияның  соңғы дайындығы мамырға дейін жалғаспақ.


Новости партнеров