Шымбұлақта мектеп оқушылары шаңғы тебуден сайысқа түсіп жеңімпаз болды

23.01.2018 21:32

Халықаралық қар күніне орай шымбұлақта балалар шаңғы тебуден сайысқа түсті. Спорт бәсекесінде 3 тен 5 жасқа дейінгі, 6 мен 8 жас және 9- бен 10 жас аралығындағы қатысушылар өз деңгейінде бақ сынады. Шара мақсаты - жеткіншетер арасында тау шаңғысын насихаттап, оларды пайдалы спорт түріне баулу.

«Мен шаңғы спорт түріне келгеніме 1 ай болды.  Төбеден сырғанағанымыз ұнады. Басында қиын болды. Шаңғы спорт түрімен айналысуды кейінде жалғастырам»,-деді Балзия СӘРСЕН.

Басты шарт ұзындығы 100 метрге созылып жатқан ақ аю деп аталатын күре жолмен кедергілерді айналып өту. Қатысушылар арасында қысқы спорт түрінің бұл түріне енді аяқ басып, алғашқы қадамдарын жасағандары да бар. Шымбұлақ тау шаңғы мектебінің түлектерімен әуесқой спортшылар арасындағы жарысқа барлығы 43 бала қатысып оның 16-сы жас ерекшеліктеріне байланысты әр санат жеңімпазы атанды.

«Біз уақытты белгілеп, оны қағазға түртіп отырдық. Сайыскерлер уақытпен жарысты, яғни кім ең санаулы секундтарда мәреге жетеді сол жеңімпаз атанады. Бұл сайысқа қатысу үшін негізінен орта деңгейдегі дайындық қажет. Сондықтан да, арнайы мектеп түлектерінің жеңістен үміті болды»,-деді Артур.


Теги: жарыс