Сынама тестіні үйде өтуге мүмкіндік пайда болды

23.05.2018 16:06

Білім ошақтарының деңгейі енді Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы анықталмайды. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тестілеу арқылы рейтингті анықтаған дұрыс емес деген пікірде. Осыған орай, жергілікті билік өкілдерінің мектеп директорларын қандай да бір шара қолдануларына тыйым салды. Бұдан бөлек сынама тестіні үйде өтуге мүмкіндік пайда болыпты.

«Енді оны үйде де өтуге болады. Бүгінгі күнге дейін онлайн тест 145 мың рет тапсырылған. Сонымен қатар, мектептердің сұранысы бойынша аймақтарда сынақ тестілері қағаз түрінде 390  мың рет алынды. Бұған қоса, мектептер 185 мың сынама кітапшаларды сұрап отыр. Осылайша, ағымдағы жылы әр бітіруші орташа есеппен 7 рет сынақ түріндегі тестілеуден өтеді», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.