150 мыңға жуық алматылықтың әлеуметтік мәртебесі анықталмаған

14.08.2018 23:54

Жүз қырық жеті мыңнан аса алматылықтың әлі күнге дейін әлеуметтік статусы анықталмаған. Олар 2019 жылдың қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолдана алмайды.

Жұмыспен қамту басқармасының мамандары өткен жылдың сәуір айынан бері тексерісті бастаған. Осы уақыт аралығында көлеңкеде жүрген 300 мың адам анықталыпты. Қалада сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген 80 мың азамат бар. Олар тиісті басқармаға келіп тіркелулері тиіс.  

«81 мың 700 адам – біздің қаламызда тұрып, қаланың тұрғындарына қызмет көрсетіп жатқан азаматтар. Олар Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмеген немесе басқа мемлекеттік органдарға тіркелмей, салық төлемей жұмыс жасап жатқан адамдар. Бұл кісілер зейнетақы төлемдерін де жүргізіп жатқан жоқ», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сайран САЙФЕДЕНОВ.


Теги: официанты