Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6 пайызға әлсіреді

07.09.2017 23:04

¤Соңғы 10 күнде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6 пайызға әлсіреді. Бұл дегеніміз банк, компания және халық тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың жоғарлағанын байқатады. «Мұндай жағдай бағамның автоматты түрде әлсіреуіне алып келеді», - дейді сарапшылар. Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын айқындайтын тұрақты іргелі факторлардың аясында, мысалы сауда әріптес елдердегі мұнай бағасы және валюта бағамдары, жекелеген сарапшылардың мәлімдемелерінен шыққан девальвациялық күтулер теріс әсерін тигізді. Ұлттық банктің пікірінше, егер мұнай бағасы 1 баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы ағымдағы деңгейде сақталады.

    «Тамызда ұлттық банктың нетто өктемдіктерінің көлемі 70 млн АҚШ долларын құрады. Қыркүйектің бірінші аптасында ұлттық банк сондай-ақ, шетел валютасын сату жөнінде өктемдік жүргізді. Ай қорытындысы бойынша деректер қазанның басында жарияланады. 5-6 қыркүйектегі жағдай тұрақтанды», - деді Ұлттық банк гуманитарлық операциялар департаментінің жетекші маманы Ғазиз КӨРПЕБАЕВ.