Тенор Пласидо Доминго «ЭКСПО» қалашығын тамашалады

02.08.2017 18:43

Аты аңызға айналған тенор Пласидо Доминго «ЭКСПО» қалашығын тамашалап, ерекше әсерде қалды. Ол Астанаға отбасымен келіпті. Қонақтарды павильондармен таныстыру жұмысын ұлттық компанияның басшысы өз мойнына алған. «Нұр Әлем» кешенін таныстыру кезінде әншіге қазақтың ұлттық аспаптары ерекше ұнапты. Жол бойы тенор Австрия, Испания, Германия павильонын да аралап өткен. Құрметті қонақ кітабына Қазақстанға деген жылы лебізін жазып, қолтаңбасын қалдырыпты. Естеріңізге сала кетейік, атақты әнші Экспо көрмесіне вокал үздіктері арасындағы сайысты өткізу үшін арнайы келген.

"Сөзім жоқ. Астанаға мен 2009 жылы келген едім. Осы аралықта біраз дүние өзгерген. Айналадағы нысандардың барлығы көз жауын алады.  Осы тектес түрлі көрмеге қатыстым. Олардың басты тақырыбы, «адамзат ресурсы» болатын. Ал бұл жерде керісінше, адам пайдасына қолданылатын жоғарғы технологиялар. Тақырып жақсы таңдалған",- деді Опера әншісі, Пласидо ДОМИНГО.