Елорданың «ЭКСПО» алаңында Наурыз мерекесі тойланды

22.03.2018 20:20

Астанадағы Наурыз мейрамына орайластырылған ірі мерекелік шаралар Халықаралық ЭКСПО көрмесінің алаңында өтуде. Қонақтарға этноауыл мен киіз үй қалашығы есіктерін айқара ашқан. Астаналықтар үшін сыйымдылығы 1000 литр тайқазаннан наурыз көже де дайыналған. Ұлыстың ұлы күнін дәл қазіргі сәтте Астана қалай тойлап жатыр. Әріптесім Нұржан Сәдірбай тікелей байланысқа қосылуға дайын. Нұржан, жаңа жылыңмен! Наурызды елордалықтар қалай мерекелеп жатыр?

-Жаңа жылыңмен, Тоғжан! Қысты артта қалдырып, даладағы жылылық пен бірге көңілге жайлылық сыйлайтын Наурыз мерекесін Астана жұрты әр жылы асыға күтеді. Биылғы той соның дәлелі де. Ұлыстың ұлы күнін дәп қазір халайық "ЭКСПО" көрмесінде тойлап жатыр. Мұнда келушілердге этноауыл мен киіз үй қалашығы қызмет көрсетуде. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері мен елордалық театрлардың әртістері көрермендерді ұлттық салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптармен таныстыруда.

«Жүн түтуге, сырмақ қалай тігеді, ою өрнектерін қалай әшекейлеп, соны сырмақтың үстіне қалай салынады, киіз қалай басады.  Соның бәрін көрсетіп, ұрпақтан ұрпаққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шығып жатыр ғой. Салт дәстүрді көрсетеміз. Білсін, үйренсін, ұмытпасын, әрі қарай жалғастырсын деп»,-деді «ШАҢЫРАҚ» әжелер ансамблінің жетекшісі Күләш ҚОСБАРМАҚОВА

-Биылғы Наурызға елорда жұрты ерекше дайындалғаны анық. Қандай қызықты, өзгеше жайттарды байқадың, Нұржан?

-Иә, Наурызға жұрт өзгеше дайындықпен келгені көрініп тұр. Мысалы, ЭКСПО алаңында қышшылар, зергерлер, киіз басу мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жасаған бұйымдары қалың жұртқа ұсынылған. Сонымен қатар, осында келушілер, әрине, наурыз көжеден дәм татуды қалайды. Биылғы той-думанға жергілікті билік сыйымдылығы 1000 литр тайқазан орнатқан. Кез келген адам одан тегін Наурыздағы дәстүрлі тағамды іше алады.

-ЭКСПО алаңындағы бұл мереке кешке дейін жалғасады. Ұлыстың ұлы күнін эстарада жұлдыздары көпке танымал әндерімен қыздырады. Ал, барлық шаралар біткенде Астана аспанында от шашу жоспарланған. Тоғжан, әзірге менің айтарым осы. Рахмет. Астанадан тікелей қосылған әріптесім Нұржан Сәдірбай екенін еске саламын.

Теги: Наурыз