Туристер айға ұшуға дайындалып жатыр. Айға сапар - жаңа туристік бағытқа айналды. Илон Маск жариялаған бағдарламаға сәйкес, келесі жылдың аяғына таман екі адам космостық саяхатқа жөнелтілмек. Жер серігін айналып ұшуды SpaceX жекеменшік америкалық компаниясы ұйымдастырмақ. Бұл жобаға қомақты қаражат та бөлініп қойған. Айға ұшатындардың кім екені және жолаушылардың мұндай ерекше саяхатқа қанша ақша жұмсайтыны айтылмай отыр. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жоспарланған саяхат Күн жүйесін зерттеу процесін тездетуге мүмкіндік береді.