Туризм жергілікті экономиканың ең басты өсу драйвері болуы керек

Туризм жергілікті экономиканың ең басты өсу драйвері болуы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2019 жылы өтетін Универсиада ойындарын ұйымдастырушыларға Алматыдан үлгі алуды жүктеді. Себебі, 29-шы Универсиада ойындары Ресейдің Красноярск қаласында өтетін болады.  Ресей Федерациясының президенті Путин Красноярск өлкесіне ат басын тіреп, Универсиаданың жеңімпаздарымен кездесуінде «Қазақстан - ойындардың жоғары деңгейде өтуі үшін ұйымдастыру жұмысын мінсіз атқарып шықты», - деген баға берді.

Қалада туризмді дамытып, қала экономикасын көтеруге барлық мүмкіндік бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі туримзді дамытудың 5 кластерін тапсырған болатын. Оның бірі тау туризмі екенін ескерсек, Алматы мен Алматы облысы ең қолайлы аймақ әрі көз тартар табиғаты ерекше. 2020 жылға қарай Алматыда туризм арқылы жұмыс орындарын 90 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Әзірге бұл көрсеткіш 22 мың адамды, яғни 2,5 пайызды ғана құрап тұр.

«Туризм - қарапайым қала тұрғындары көп мүмкіндіктер ашады. Алматының мың жылдығы, Универсиада, өткізілетңн ЭКСПО қаламыздың танымалдылығын арттырады.  Елбасы тапсырмасымен 55 елге визасыз режімге ие болды. Яғни, қазір елге туристтер тарту аса маңызды. Әр келген саяхатшы күніне 245 АҚШ доллар жаратады, бізге олардың қанша уақытқа келгені маңызды емес, жол-жөнекей оның бір күнге түсіп қаламызбен танысып, жоқ дегенде 245 АҚШ долларын тастап кеткені керек», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Бүгінде елімізде енгізілген визасыз режімнің өзі туризмді дамытуға мол мүмкіндік беріп жатыр. Себебі жаңа жүйе енгізілген соң елге келушілер саны көбейген.

«Қазақстанда 30 елдің визасыз кіру саясаты енгізілгеннен кейін бізге нағыз саяхатшы тіристердің келе бастағаны байқалды. Яғни ол іскерлік емес, нағыз табиғи туризм. Сонымен бірге олардың саны көбейеді деген сенімдеміз. Өйткені өз еркімен келеді және оларға арналған сапалы қонақүйлер де бар. Казір қалада 60-қа жуық хостелдер жұмыс істеп тұр», - деді Қазақстан қонақүйлері мен ресторандары қауымдастығының вице-президенті Наталья СЕРГЕЕНКОВА.

Қала туризм жергілікті экономиканың ең басты өсу драйвері болуы керек. Бауыржан Байбек Алматыда тау туризмін әрмен қарай жетілдіру үшін ауқымды жұмыстар атқару керектігін жеткізді. Шет елдіктерді айтпай-ақ қойғанның өзінде республиканың түкпір-түкпірінен келіп Алматыда демалатын азаматтар өте көп. Сондықтан әкім «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты мен «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінен бөлек өзге де көрікті демалыс орындарын жандандыруға инвестиция салуға кеңес берді.

«Универсиаданың арқасында бізге тамаша нысандар мұраға қалды. Соның арқасында спортпен айналыстын адамдардың, өскелең ұрпақтың қатары көбейеді. Әрі, осы нысандарда өтетін жарыстарға шетелдіктер келеді. Бұл да туризмді дамытады. Мәселен, Универсида кезінде «Шымбұлақ» шатқалына 429 мың адам барыпты. Ал, шаңғышылардың саны 119 мыңнан асқан. Бұл үлкен жетістік», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Бүгінде шаһарда 137 қонақүй орны, 500-ден аса туристік орталық, 50 шетелдік асханасы бар 2000 ресторан мен кафелер қызмет көрсетуде. Елге келген шетелдік азаматтардың әрбір екіншісі Алматыға ат басын тірейді. Мәселен, ресейлік Юрий Дайнеко Шымбұлақта осыдан 25 жыл бұрын болған екен. Ол кездегі қала кейпі мен қазіргі сипаты мүлде өзгерген дейді ол.

«Мен Шымбұлақ спорт кешенінде осыдан 25 жыл бұрын болғанмын. Қазіргі кейпін көріп таң қалып тұрмын. Барлығы өзгеріп кетіпті. Барлығы қазіргі талаптарға сай етіп жасалған. Бұрын кеңестік уақытта спорттық шараларға қатысу үшін жиі келетінбіз. Маған қатты ұнады. Келесі жылы тағы келуді жоспарлап отырмын», - деді Регби Федерациясының вице-президенті Юрий ДАЙНЕКО (Ресей).

Туристерді қалаға тарту үшін негізгі 4 нарық белгіленді. Олар Ресей, Қытай, Иран мен Үндістан елдері. Сонымен қатар, tripadvisor платформасы арқылы Алматымен айына 390 млнға жуық саяхатшы қауым танысады.

Назкен Байтілес, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров