Түркия мен Сирия шекарасындағы терактіден қаза болғандар саны 47-ге жетті

27.02.2017 16:00

Түркия мен Сирия шекарасындағы терактіден қаза болғандар саны 47-ге жетті. 60-қа жуығы жаралы. Мина тиелген автокөлік Эль-Баб қаласына жақын маңда бейбіт тұрғындар арасында жарылған. Түркия ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымына тиесілі көлік Сирия әскері орналасқан штабқа жетуі тиіс болған. Жарақат алғандар Түркияның Газиантеп, Килис қаласына жеткізілді. Оқиға орнында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қолға алынған.