Адам құқықтары аяққа тапталып жатыр. Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл кезекті еуразиялық медиа форум кезінде осыны айтты. Халықаралық жиынға әлемнің 60-тан астам мемлекетінен саясаткерлер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Олар өркендеудің жолы қандай, дамыған елдердің өзара қарым-қатынасы мен адами құндылықтарды сөз етті. Түркияны кезінде басқарған Абдулла Гүлдің айтуынша, қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде демократия, адам құқықтарын қорғау сынды құндылықтар көлеңкеде қалып қойған.
«Мен әлем көшбасшылары демократия, адам құқығы, заңның ұлықтылығы сынды құндылықтарға сенгенін қалаймын. Қазіргі таңда, ол тасада қалып қойды. Сондықтан, халық депрессияға түсіп, ол туралы ұмытып та кетті. Ал мәселелер азаймайды. Көптеген мемлекеттердің саяси ландшафт тенденциясында ол өте өзекті, тіпті қауіпті болып барады»,- деді 2007-2014 жж. Түркия Республикасының президенті, Абдуллах ГҮЛ.