Жазушы Эдуард Успенский қайтыс болды

15.08.2018 16:37

Ресей жазушысы Эдуард Успенский 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

РЕН ТВ хабарлауынша, Успенский Пучково ауылындағы үйінде қайтыс болған. Ауыл Мәскеудің Троицк әкімшілік округіне жатады.

«Қолтырауын Гена мен оның достары», «Простоквашинодағы демалыс» және тағы басқа тамаша кітаптардың авторы соңғы жылдары онкологиялық аурумен сырқаттанған.

Тоғызыншы тамызда Успенский өзін жайсыз сезінеді, кейін естен танып құлайды. Әйелі жедел жәрдем шақырады.