Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуді көздеуде

Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуді көздеуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аз уақыттың ішінде қазақ елі алашапанды ағайын елінен ағылатын жеміс -жидекпен көкөніске қарық болмақ. Бұл Өзбекстан Президенті Шавхат Миризиеевпен бірге ілесе келген делегацияның қатысуымен өткен бизнес форумда мәлім болды. Еліміздің алдыңғы шептегі бизнес өкілдерімен бас қосқан көрші ел кәсіпкерлерінің  арасында сомасы 97 млн АҚШ долларын құрайтын  10 құжатқа қол қойылды.


25 жыл бойы жабық саясатты ұстанған Өзбек елі енді Орта Азия мемлекеттері соның ішінде Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған отандық компаниялар  көрші ел кәсіпкерлерімен басқосып, алдағы жоспарлымен бөлісті. Шараға қатысқан  500-ге жуық қатысушының 100-ден астамы өзбекстандық кәсіпорындардың өкілдері. Дәл осы форумға арнайы қатысқан еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Өзбекстанның сыртқы экономикалық қатынас, инвестиция және сауда министрі Элер Ганиев  регламентқа сай сөз алып, екі ел  арасындағы экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынасының алдағы уақытта жандана түсетінін атап өтті.


«Өзбекстан үшін Қазақстан сауда нарығындағы ең ірі серіктестердің бірі. Мемлекет басшылары екі тарапқа 2020 жылға дейін тауар айналымын 1,5 млрд доллардан 5 млдр долларға жеткізу мәселесін тапсырды. Екі ел арасындағы сауда-саттық деңгейі жолға қойылды. Бүгіндері Қазақстан көрші елге химиялық, құрылыс, аул шаруашылық тауарларын жеткізіп отыр. Ал Өзбекстан тарапынан жеміс-жидек пен көкеніс өнімдерінің импорты өсті. Екі ел басшыларының кездесуі барасында 500 млн долларды құрайтын құжатқа қол қойылды. Алдағы уақытта энергетика, түрлі-түсті металл, тамақ, жеңілөнеркәсіп бағыты бойынша экспорт көлемін арттыру жоспарда бар», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.


«Нақты тапсырма берілді. Қазақстандық әріптестермен бірге біз 2 жыл аралығында 3-4 жаңа жобаны іске асыруымыз қажет. Бұл бастама екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға сеп болмақ. Сонымен қатар, инвестиция, жаңа технология бағытында жұмысымызды жалғастырамыз»,- деді Өзбекстанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвестиция және сауда министрі Элер ГАНИЕВ.


Алқалы жиын барысында жалпы сомасы 97 млн АҚШ доллар шамасындағы 10 құжатқа қол қойылды. Нәтижесінде екі ел кәсіпкерлері  840 млн АҚШ долларын құрайтын 92 құжатқа мөр басты. Демек, екі жақты жүзеге асатын меморандум  транспорт, мұнай -  газ саласы, сүт өнімдері, фармацевтика, машина жасау  сынды өзге де экономикалық маңызы бар бағыттарды дамытуға жол ашпақ.


Өзбекстан экономикасының негізі шикізат экспортына бағытталғанын ескерсек, дәл осы форум аясында өткізілген көрмеде алашапанды  ағайындар халық назарына тамақ өнеркәсібінен бөлек, қазіргі таңда жақсы дамыған жеңіл өнеркәсіп, машина құрылысы, ауыршаруашылық,  фармацевтика, мұнай сынды экономиканың өзге де  жетістіктерімен бөлісті. Дәс осы тұста Өзбекстан тарапы Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ынталы екені байқалады.


«Әрине, бұл кездесіден үмітіміз зор. Биыл біздің компания нарыққа 500 мыңға жуық автокөлік бөлшектерін экспортқа шығарады. Тауарды әзірге еліміздің Өзбекстан компаниясы сатып алып отыр. Алдағы уақытта өзге де көршілес елдердің нарығына шығу жоспарда бар», - деді компания өкілі Фаррух ИСМАИЛОВ.


Форум барысында  Өзбекстан Министрі өз тарыпан алдағы уақытта  Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, үлкен іске қолдау білдіруге ардайым дайын екенін айтты. Айта кетер жәйт, қазақ елінің бастамасымен екі ел арасындағы байланысты нығайту мақсатында қыруар жұмыс атқарылып келеді. Мысалы, қазақ жерінде 1828-ге  жуық заңды тұлға, бөлімшелер мен Өзбекстан уәкілдерінің  қатысуымен 721 компания жұмыс атқарса, көршілес елде  Қазақстан капиталымен жұмыс істейтін 178-ге жуық кәсіпорын бар. Оның ішінде 143-ші екі елдің бірлескен компаниясы болса, 35 серіктестік  100 пайыз Қазақстанға тиесілі.


Назым Мәлікқызы, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Новости партнеров