Алматы хайуанаттар бағында ветеринарлық клиника тұрғызылмақ

Алматы хайуанаттар бағында ветеринарлық клиника тұрғызылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы хайуанаттар бағында ветеринарлық клиника тұрғызылмақ. Мұнда мамандар экзотикалық жануарларды қарайтын болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта бақта ветеринарлар саны көбеймек. Осы мәселелер Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов және бастамашыл топ қатысқан жиында айтылды. Хайуанаттар бағын күрделі өзгерістер күтуде. Оның жұмысын жетілдіру мақсатында арнайы жол картасы жасалды. Жаңа құжатты әзірлеуге мамыр айында құрылған бастамашыл топ ат салысқан.

"Бұл жол картасы хайуанаттар бағының жұмысын 2017 жылдан жетілдіруге арналған. Бақты дамытуды осы жылдан бастау керек. Сондай-ақ, нақты күндері белгіленуі тиіс. Яғни, жол картасы бейсенбі күні толықтырылып, қабылданған соң. 4 қарашадан бастап жоспар бойынша жұмыстарды бастау қажет",- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Ерлан ӘУКЕНОВ.

Новости партнеров