Халықаралық театр күні. Бұл - күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Атаулы датаны алматылық өнер ұжымдары да жоғарғы дәрежеде атап өтті. Мерекеге орай, «Алтын сақа» байқауы ұйымдастырылып, биыл жеңімпаздары анақталды.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өткен жылы халықаралық театр және қара шаңырақтың 115 жылдығына орай «Алтын сақа» фестивалін өткізген еді. Үміткерлер түрлі аталым бойынша жыл бойы бақтарын сынады. Сайыста қара үзгендері анықталды биыл.
«Негізі актерлық фестиваль жалпы актерлардың шеберліктеріне байланысты әр түрлі номинация. Мысалы, жыл актеры, үздік кейіпкер, үздік қосалқы бейне 5 номинация бойынша 10 әртісімізге демеушілердің көмегімен қаржылай сыйлық жасап жатқан біздің театрымыздың «Алтын сақа» дәстүрлі фестивалі бұл», - деді Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит ӘБДІҚАЛЫҚОВ.
Сайыс жеңімпаздары 9 аталым бойынша марапатталды. «Жыл актеры» Руслан Ахметов атанса, «Жыл актрисасы» атағы Динара Абдуллинаға бұйырды. Сондай-ақ «Үздік сәттік бейне» номинациясы өнер ұжымында қырық жыл еңбек еткен Жақсыбек Құрманбековке берілді. Жеңімпаздар мұндай байқаулар - өнер адамдарының қарқынына қарқын қосады дейді.
«Қойылым жақсы шығып жатса, әрине, шабыттанасың, қуаттанасың, адамға шабыт береді, өмір сүргің келеді. Осы өзіңнен кейінгі жастарға үлгі болсын дейсің. Біздің міндетіміз жастарды тәрбиелеу ғой. Сондықтан өмір бойы тәрбиемен өтеміз», - деді «Алтын сақа - 2017» фестивалінің лауреаты Жақсыбек ҚҰРМАНБЕКОВ.
Халықаралық театр күні әлемде 1961 жылдан бері аталып келеді. Мұндай шешім халықаралық театр институты Вена қаласында өткен конгресте қабылдаған болатын. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде тойланады.
Перизат Көмекбайқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы