Алматы қаласының стратегиялық нысаны болып саналатын кәріз құбырларын қайта жөндеу жұмыстары жасалды. Алғашқы кезеңіне бюджеттен 946 млн. теңге жұмсалған. Бағытталған қаржы қала сыртындағы канализация коллекторлары 45 жылдан бері тозығы жетіп, толық жөндеуді қажет еткен құбырға жұмсалған. Күрделі жұмыс кезінде диаметрі 2 метрді құрайтын, 7 метр тереңдікте орналасқан 2 шақырым 147 м шыныпрофилитімен арленген құбырлар қойылды. Жөндеу бес ай ішінде аяқталған. Жаңа құбырлардың жарамдылық мерзімі 70 жылға жуықтайды. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасындағылар бұл шара шұғыл түрде қолға алынып, ретке келтірілгенін жеткізді. Себебі, тозығы жеткен құбырлар жарылуға шақ қалыпты. Қазір қаланың кәріз жүйесі қауіптен ада.
«Қала сыртындағы кәріз жүйесінде орын алған жағдайды төтенше жағдай деп бекітіп, Алматы қаласының әкімі резервті қордан ақша бөлді. Сол себепті осы кәріз жүйесінде орын алған төтенше жағдайды аз уақыттың арасында «Алматы ИНЖСтрой» ЖШС аз уақыттың ішінде салып бітті»,- деді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының маманы, Нұрлан ӨМІРХАНОВ. ¤¤
Елдегі ең ірі өндірістік қызмет түрінің қатарында Алматы қаласының канализация жүйесі күрделілерінің бірі. Орта есеппен тәулігіне 380 мың текше метр қалалық ағынды су жинақтауыштарға жіберіледі. Қайта жаңғыртылған учаскенің өткізу қуаты 5,49 текше метрді құрайды. Құбырлар «Амитэч Астана» зауытында дайындалған. Жалпы, құрылыс кезінде 100 пайыз қазақстандық өнім пайдаланылыпты.
«Бұл құбырлардың жарамдылық мерзімі 70 жылдан асады. Құрылысшы ретінде жаңа құрылғылардың жақсы екенін айта аламын. Технологиялардың дамуы - біздің жұмысымызды жеңілдетеді. Ауыстырылған құбырлар 45 жыл қызмет етсе, қазіргі орнатқан құбырлар екі есе ұзақ тұрады деп үміттенеміз»,- деді Мердігер компанияның директоры, Борис АРТЁМОВ.