Алматыда заңсыз жарнама тақтайшаларын жою жұмыстары жалғасуда

02.03.2017 16:49

Алматыда заңсыз жарнама тақтайшалары мен баннерді жою жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері тек қана Жетісу ауданында жарнаманы ретсіз жапсырған 34 азаматқа айыппұл салынған. Олардың әрқайсысы 50 мың теңгеге жуық қаржы төлеген. Мұндай тексеру жұмыстары қаланың барлық ауданында жүргізіліп отырады.

«Былтырғы жылы да осындай жұмыстарды жүргізіп келе жатырмыз. Биыл да осы іспен айналысамыз. Қазір бұл жарнама қаланың көркін қатты нұқсан келтіріп тұр. Өйткені әркім қалауынша жол жүретін жерлердің ортасына қойып қояды, сол себептен осындай жұмыстар әлі де жалғасын табады деп сенемін», - деді  Алматы қаласы Жетісу ауданы қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің басшысы Ерлан БАЗАРБАЕВ.