Алматыда 22 жасар қыз арыққа құлап мерт болды

Алматыда 22 жасар қыз арыққа құлап мерт болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 22 жасар қыз арыққа құлап мерт болды. Оқыс оқиға маусымның алтысынан жетісіне қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған. Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бойжеткен жақын маңда орналасқан көпірден өтпей, арықтан секіріп өтпек болған. Алайда, аяғы тайып кетіп, арық ішіне түсіп кетіпті. Ал қатты ағыс оны тас жол астындағы құбырға ағызып әкеткен. Қасындағы ешкім көмек көрсете алмапты.

«7 маусым таңғы сағат 4:30-да Алматы қаласындағы Медеу ауданы әл-Фараби даңғылы Фурманов көшесі мен Самал-2 шағын ауданының қиылысында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері яғни 13 адам және 2 бірлік техника және Алматыдағы 109 құтқару қызметі яғни 4 адам және 1 бірлік техника арық ішінде жатқан 1994 жылдың тумасының мәйітін тауып алып шықты. Қандай жағдайда қаза болғаны қазіргі таңда анықталуда»,- деді Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі, Руслан ИМАНҚҰЛОВ.

 


Новости партнеров