Алатау ауданы «Өжет» ықшамауданының тұрғындары ашулы

01.11.2016 19:31

Қалада тұрсақ та, балшыққа белшемізден батуға мәжбүрміз! Арнамыздың уатсап нөміріне хабарласқан Алатау ауданына қарасты «Өжет» ықшамауданының тұрғындары уәждерін айтты. Олар талай жылдан бері көшелерінің ең болмаса бір рет жөндеу көрмегеніне наразаы. Ол аз десеңіз, тіпті жарық шамдары да атымен жоқ екен. Соның кесірінен ықшамауданда ұрлық өршіпті. 


Бұл Алатау ауданына қарасты «Өжет» ықшамауданындағы Үкілі Ыбырай көшесі. Мұнда алғашқы үйлер тұрғызылып, жол түскелі он жылға жуықтаған. Содан бері, тұрғындар әлі күнге дейін ойқұш-ұйқыш жолмен жүруге мәжбүр. Өйткені, аталмыш аумаққа бірде-бір жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан мұндағы халық ала жаздай бұрқыраған шаң жұтып, күз, қыс, көктемде лай-батпаққа белшеден батамыз,- дейді.

"Қай кезде болмасын бұл жерде айналып, ана шұқырды бір айналып, мына балшықты бір айналып балаларымыз малмандай болып келеді үйге. Мектепке барса да, екінші обувті целофанға салып жібереміз, аяғына целофан кигізіп жібереміз. Барған кезінде ұятқа қалмасыншы",- деді Эльмира ЕЛУБАЕВА. 
"Машинамыз енді ана жақтан кіреміз, мына жақтан кіреміз. Қаншама машина ақшаның шығыны ғой оның бәрі. Ақырындап оны жөндетеміз, кейде батып қалады. Талай рет батып қалды",- деді Серікнұр РӘШІМБАЙ. 
"Мынау жермен мулдем жүре алмаймыз. Өңкей кішкентай балалар. Балалар көп біздің көшеде өзі живой көше. Жас балалар көп болғаннан кейін барлығы күнде целофан да киеді. Галош та киеді",- деді Ерік МЫРЗАҒАЛИЕВ. 

Тұрғындар көшенің келбеті былай тұрсын жарыққа да қарық бола алмай отыр. Кесірінен шағын ауданда тонаушылық әрекеттер көбейген көрінеді. Бірақ, шағымданғаннан шара жоқ. Тас қараңғыда бұзақылардың түрін де байқай алмаймыз,- дейді олар. 

"Тас қараңғы. Күнде қыздарымыз жұмыстан, сабақтан келе жатқанда объязательно бұл жерде оқиғалар болып жатады. Қыздардың сумкасын, соткасын тартып алып кетіп жатады, ұрып кетеді. Біреуге барып жалоб жасай алмайсың. Оны ұстай алмағаннан кейін кімнен көресің? Ешкімнен көре алмайсың",- деді Рыскелді ҚАСЕНОВ. 

Тұрғындар жауыр болған мәселесін айтып, жергілікті билік өкілдеріне талай айтқан. Алайда, ешкімнен қайыр болмағансын өздеріне -өздері қайыр жасаумен ғана отыр. Там-тұмдап жиғандарына құм алып бірнеше рет тегістеткен көшені жаңбыр суы шайып кеткен. 

"Өжет ықшамауданында бүгінгі таңда 7 кмге жуық жаңа жол құрылысы жасалуы қажет болатын. Өздеріңізге белгілі, 2011 жылдан бастап бас прокуратураның талабымен бізде бюджеттік шығынды 2 есе жоғалтпау мақсатында бірінші инженерлік желілер жүргізіп алу керек. Ол су және кәріз жүйесі. Содан кейін барып асфальт салынады. Өжет ықшамауданы бойынша бізде қазіргі таңда 80 шақырым су жүйесі орталық және 43 шақырым кәріз жүйесі салынуға жоба дайын тұр. Экспертизаның қорытындысымен бәрі дайын тұр. Енді құрылысына қаражат сұрау үстіндеміз",- деді Алматы қаласы Алатау ауданы коммуналдық шаруашылвқ бөлімінің басшысы, Мұхан АЛМАСАЕВ. 

"Өжет" ықшамауданындағы жол мәселесі келер жылы шешіледі,- деп сендірді жауаптылар. Сондай-ақ, жарық мәселесі де қаржының қарастырылуына орай шешімін таппақ. Жергілікті қазынадан қаражат бөлінсе Алатау ауданы бойынша келер жылға 106 шақырым көшеге асфальт төселіп, 164 көшеге жарық жүргізу жоспарланған. 

Айдана Мейрамбайқызы, Влад Шишко, "Алматы" телеарнасы