Алматыда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын диагностикалық орталық ашылады

02.02.2018 01:49

Алматыда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын диагностикалық орталық ашылады. Ең соңғы үлгідегі озық технологиялармен жабдықталатын медициналық мекемені жапондықтар салмақ. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Medical Excellence Japan» компаниясының президенті Шузо Ямамотомен кездесуде мәлімдеді. Тараптар кездесуде орталық құрылысының жобасын бірлесе жүзеге асыру мәселесін талқылады. Жаңа орталық Орта Азия өңіріндегі онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын ең ірі клиника болмақ. Жоба сәтті жүзеге асса, алматылықтар сапалы емге қол жеткізеді. Әрі жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігі арта түседі.

«Біз қазіргі кезде жапондық компанияларға бар жағдай жасап, олардың инвестициялары мен технологияларын кеңінен тартудамыз. Өйткені олар көптеген салаларда алдыңғы қатарда және кейбіреулерінің әлемде баламасы жоқ. Ең бастысы – ашылатын орталықтың дұрыс жұмыс істеуі және алматылықтар мен жалпы өңір тұрғындары үшін сапалы әрі қол жетімді қызмет көрсетуі. Біз осыған мән береміз», - деді Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Шузо Ямамото Алматы Орта Азия бойынша жапония медицина жетістіктерін экспорттауын барынша жайлы қаласы екенін атап өтті. Жалпы үш жыл ішінде Алып шаһарда бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарланған. Қатарында жаңа онкологиялық орталық, перзентхана бар. Айта кетсек, соңғы екі жыл ішінде қаладағы медициналық мекемелерін озық технологиялармен жабдықтау деңгейі 75% -ға жеткен.

«Жапонияда біз науқас үшін сырқаннан емделмес бұрын, жыл сайын диагностикадан өту пайдалы екенін болжадық. Осынау болжамға Алматыда түсіністікпен қарайды деп сенеміз. Орталықтың концепциясын жобалау үшін Алматы тұрғындарының сырқаттарына қатысты статистикалық мәліметтерге сараптама жүргіземіз», - деді «Medical Excellence Japan» президенті Шузо Ямамото.