Алматыда алаяқ риэлтерлерге сот үкімі шықты. Қамқоршысы жоқ, әлсіз топтағы адамдардың баспанасын алдап сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері 6-дан 20 жылға дейін темір торға жіберілетін болды. Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың ақпан айы мен наурыз аралығында алаяқтар арам ойларын жүзеге асырған. Алдымен пәтер иесінің құжатын қолға түсіріп, қол қойдырып, кейін қожайынды өлтіріп тастаған. Сот қайтыс болған марқұмның туыстарына 2 миллион теңге төлеуді міндеттеді.
«Қылмыстық топқа 6 адамның қатысы бар болып шықты. Зейнеткердің өліміне қатысты кінәлілерге адам өлтіріуден басқа бірнеше бап бойынша кінә тағылып отыр. Олар алаяқтық, қылмыстық топ құру, тонау және өзгенің мүлкін заңсыз иемдену сынды әрекеттер жасаған», - деді Алматы қалалық прокуратурасының аға прокуроры Жасұлан ҚОНАРБАЕВ.