Қазақстандықтар Анталияға демалуға барып қиын жағдайда қалды

Қазақстандықтар Анталияға демалуға барып қиын жағдайда қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Анталияда қиын жағдайға душар болған Қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылды. Ал, жөнсіз күйген жолдамаларды жергілікті түрік компаниясы  өтеп беруге келісім берген. Демек, 30 мың доллар көлемдегі шығынды өз мойындарына алыпты.  24 адам, оның ішінде 9 бала аталмыш елдің демалыс орнындарына кіре алмай, жолдамалары күйіп кеткен болатын. Оған «Элит Класс» компаниясы өзін банкрот деп жариялауы себеп болған. Еліміздің ішкі саяси ведомство өкілдері әлі де болса, бұл жағдайдан құлағдар емес азаматтардың болуы мүмкін екенін атап кетті. Біздің елшілік өз тарапынан жағдайды толыққанды қарамағына алған. Осыған орай, олар шетелге шығар кезде, барлық ақпарды толыққанды тексеруді сұрап отыр.

«Қиыншылыққа тап болған туристер оның ішінде балалар біздің Анталиядағы консулдың жәрдемімен қонақ үйлерде орналастырылды. Біздің консул осы ақпараттан кейін Түркияның туристтік фирмаларымен тиісті келіссөздер жүргізді.Солардың біреуі туристтердің толық шығындарын өз мойнына алып 30000 АҚШ долларын төледі. Қазіргі таңда, туристер өз демалысын жалғастыруда»,- деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, ӘНУАР ЖАЙНАҚОВ.

Ал, еліміздің жергілікті  «Компас» компаниясы Түркия еліндегі серіктесі «ЭЛИТ КЛАСС» тур операторының банкротқа ұшырағанын жоққа шығарды. Олар өз тарапынан саяхатшыларды сабырлыққа шақырды. Әрі, жағдайдың толық бақылауға алынғанын жеткізді. Сонымен қатар, ешбір турист далада қалмайды. Мұндай жағдай өзге де тур операторладың басынан өткен дегенді алға тартты.

Астана


Новости партнеров