Жемқорлықпен ұсталған Хасенов пен Решетько кінәләрін мойындады

09.11.2016 20:02


Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді. Таратылған хабарламада: "Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына ет кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отыру жүйесін ойластырған. Хасенов осы жүйе бойынша белгіленген уақытта белгілі қаражатты алып отырған. Осылайша Хасенов пен Решетько "Хладоленд" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығынан Қазақстан аумағына мың тонна құс етін кіргізуге рұқсат бергені үшін 5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталған. Хасенов пен Решетько өз кінәләрін толығымен мойындап отыр", - делінген. Бүгінде Хасенов Астана қаласының ІІД-нің уақытша қамау изоляторына тоғытылып, сот алды тергеу шаралары басталып кетті.