Биылғы жылы Алматының Әуезов ауданында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қызмет көрсету саласы бойынша 8 нысан пайдалануға беріледі. Ол мейрамхана кешендері мен техника жөндеу орталықтары. Мұндай ақпаратты Әуезов ауданы әкімінің орынбасары «Сауда» тақырыбында өткен инфест форумда айтты. "Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері Алматы қаласының аймақтық үлестіру кеңесімен 586,8 млн теңге көлеміндегі 4 жоба мақұлданған. Одан бөлек, қызмет көрсету саласы бойынша «Grand Park Almaty», “Москва” кешендерінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.
«Осы аталып өткен сауда орындарының және жаңа құрылыстар аяқталып, іске қосылса, онда 4 мыңға жуық жұмыс орны құралуда. Яғни, ол дегеніміз 14 млрд инвестиция тартылады. Сауда орындарының іске қосылуының негізгі нәтижесі - жұмыс орнының пайда болуы, сауданың дамуы, ауданымыздың, қаламыздың салық түсімінің ұлғаюына алып келеді»,- деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Бақытжан РАХЫМБЕКОВ.
Ағымдағы жылдың 3 айында аудан кәсіпорындары 25,5 млрд теңгеге өнім өндіріпті. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 87,9 млрд теңгеге ұлғайған. Қазір ауданда 305 мейрамхана мен кафелер, 556 дүкен, 31 сауда орталықтары жұмыс жасап тұр. Ауданнан мемлекеттік бюджетке 21,7 млрд теңге салық түссе 14 млрд теңге инвестиция құйылған.