Жетісу ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

30.11.2017 22:18

Жетісу ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерін бір орыннан шешу мүмкіндігін иеленді. Аудандағы сауда орнында 21 мемлекеттік орган қызметкерлері бас қосып, халыққа қызмет көрсетті. Балабақша кезегіне тұру, электронды үкімет порталын пайдалану, зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеу, сондай-ақ  жер теліміне қол жеткізу секілді мәселелер тұрғындар тарапынан жиі көтеріледі. Одан бөлек, шара аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.