АИ-92 бензині неліктен қымбаттап кетті?

02.11.2016 17:30

АИ-92 бензині неліктен қымбаттап кетті? Бұл сұрақтың жауабын Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев берді. Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының кезекті жөндеу жұмыстарының тоқтауы еліміздегі осы маркалы бензиннің тапшылығын тудыруда. Бағаның бірден шарықтап кетуі осының салдарынан. Министр алдағы уақытта баға қайта түседі деп халықты сендірді. Қарашаның 12-де жөндеу жұмыстары аяқталып, мұнай өндіру қайта жанданады. «20 күн бұрын Палодар МӨЗ бір құрылғы сынды. Қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары өткізіліп жатыр. 2-3 күннің ішінде іске қосылса, АИ-92 бензин көбірек шығарылатын болады. Сол кезде бензин арзандап, нарықта баланс болады», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.