Алматының базарларының бірінде 300-ге жуық азамат салық төлемдерін өтеуден жалтарған

06.11.2017 21:38

Наурызбай ауданына қарасты базарларда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 300-ге жуық азамат салық төлемдерін өтеуден жалтарған. Тіпті бір базарда бірнеше сауда орны бар сатушылар жалдамалы жұмысшыларын көрсетпей, толық табыс көзін жасырып қалады. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы базардағы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тіркелмеген сатушыларға жеке кәсіпкер ретінде белгіленіп, нақты табысын көрсетуге нұсқау жасалды. Наурызбай ауданы бойынша 3 әмбебап базар болса, онда барлығы 700-ден астам кәсіпкер ретінде жұмыс істейді.

«Халыққа салық міндеттемелерін толықтай, уақытылы тапқан табыстарын толықтай көрсетулерін, салықтарын төлеулерін және  жалдамалы адамдарын да жарты жылдық есеп нысанын тапсырған кезде көрсетулерін сол бағытта түсіндіру жұмыстарын жасап жатырмыз»,- деді Наурызбай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Еркін СЕЙІТЖАН.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша статусты қалай анықтау керектігі айтылды. Кәсіпкерлер статусын анықтаған соң табысының белгілі бір мөлшері медициналық сақтандыру қорына аударылуы міндеттелетіні кеңінен түсіндірілді.